Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Полицияда дөрекілік пен біліксіздікке жол берілмеуі керек

Опубликовано:

Тоқаев полиция
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде құрылымдық өзгерістерді жалғастыра беруді, онсыз қолға алған реформаларды табысты жүзеге асыру мүмкін емес екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ойынша, полиция қосалқы функциялардан өкінбестен бас тартуы керек деп жазады Ақорда.

"Қазір полиция тікелей өз міндеттеріне жатпайтын жұмыстармен айналысатын уақыт емес. Бұл бағытта алғашқы қадам жасалды. ІІМ-нің құрамынан төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет бөлінді. Ішкі істер органдары құрылымдарын одан әрі оңтайландыру жұмыстары Құқық қорғау және сот жүйесін реформалау жөніндегі комиссияның шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Бірақ бұл полицияның қызметін әлсірету деген сөз емес. ІІМ және оның құрылымдық бөлімшелері тәртіпті қамтамасыз етуде мемлекеттің негізгі тірек күші болған және солай бола береді", – деді президент. Мемлекет басшысы кадр саясатына баса мән берді.

Ол полиция қызметін жаңғырту жөніндегі жол картасы аясында ведомстволық оқыту мекемелері қайта ұйымдастырылып, қызметкерлерді іріктеу жұмысы жетілдірілгенін атап өтті.

"Полицияда дөрекілік пен біліксіздікке жол берілмеуі керек. Мұнда жоғары дайындықпен келген және өз ісіне шынайы берілген мамандар жұмыс істеуі қажет. Мемлекет пен қоғам оңтайлы өзгерістерді күтіп отыр. Тәртіп сақшылары азаматтарға үлгі болуға тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, осы жиын барысында сөз сөйлеген президент келесі жылы Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, заңға сәйкес азаматтардың және жалпы мемлекеттің қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндірмейтін қылмыстары үшін жауапқа тартылғандарға рақымшылық жасалатындығын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882166-tokaev-policiada-drekilik-pen-biliksizdikke-zol-berilmeui-kerek/