Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шоңжыдағы цехта жарылыс болып, 37 жастағы жұмысшы қаза тапты

Опубликовано:

Жарылыс орны
Оқиға орны. Фото: ТЖМ

Бүгін, 29 қазанда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шоңжы ауылында дәретхана қағазын шығаратын цехте жарылыс болды. Салдарынан бір ер адам көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, цехта қағаз кептіретін қазандық жарылған. Содан кейін шатыр жартылай құлапты. Дегенмен өрт болмаған.

Төтенше жағдай салдарынан 37 жастағы жұмысшы қайтыс болды. Құтқарушылар оны үйіндінің астынан шығарып алған.

Тағы 21 жастағы қызметкер әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Жарылыс орны
Оқиға орны. Фото: ТЖМ

Цехтың жалпы аумағы 200 шаршы метр. Жарылыс соның 25 шаршы метрінде болған.

Министрлік ғимараттың шатыры бастырма түрінде жасалғанын, бір қабатты, профильді табақпен жабылғанын, қабырғалары бөлгіш блок екенін атап өтті.

Оқиғаның алдын-ала себебі технологиялық өндірісті бұзу болуы мүмкін.

Еске сала кетсек, 27 қазанда Алматыдағы Car City жанындағы ангарда ірі өрт болды. Қызыл жалынның салдарынан тоғыз көлік жанып кеткен. Оларды қайта қалыпқа келтіру мүмкін емес. Сонымен бірге сыртта тұрған тағы 3 көлікке зақым келген.

Өрт жалпы аумағы 1 мың шаршы метрді шарпыған. Төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шекпеген.

Ал 24 қазанда оңтүстік астанада өрт сөндipушiлер Сейфуллин даңғылының бойындағы жанып жатқан дәмханадан адамдарды құтқарып алған болатын.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында 16 жастағы қыз үш баланы өртеніп жатқан үйдің ішінен аман алып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1882170-sozydagy-cehta-zarylys-bolyp-37-zastagy-zmyssy-kaza-tapty/

pixel