Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұрлау үшін салынбайды": Шенеунік не себепті жолдың сапасы нашар екенін айтты

Опубликовано:

Жол
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте "Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының" бас директоры Замир Сағынов Қазақстандағы жолдардың сапасы не себепті нашарлайтынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сағынов жолдардың сапасын тек өзі басқаратын Орталықтың күшімен түзету қиын екенін атап өтті.

"Біз таңдамалы бақылауды жүзеге асырамыз, Орталықта біз тек 350 адамбыз. Жұртшылық бізге белсенді көмек көрсеткен кезде, біз шығып, зертханалық қорытынды жасаймыз.

Жалпы, жаман жолдар аудандық, облыстық деңгейде, ауылдарда салынады. Біз жағдайды талдап, ешқандай кадрдың жоқтығын көрдік.

Жаман жолдар ұрлау үшін салынбайды. Көптеген адамдардың білімі жоқ, мәселе осында. Аудандық әкімдіктердегі бөлім 2-3 адамнан тұрады, олардың арасында жол маманы жоқ. Сондықтан талап етілетін сапаға сәйкес келмейтін смета жасалады", - деді Сағынов.

Оның айтуынша, қазір мектеп оқушылары мен студенттерді "Құрылыс", "Автомобиль жолдары" мамандықтарына түсуге шақыруға үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, Алматы облысы Кербұлақ ауданы Шаған ауылында жауып тұрған қарға қарамастан, асфальт төсеген жол салушылардың әрекеті видеоға түсіп қалған болатын.

Сондай-ақ Маңғыстау облысында автомобиль жолдарының құрылысымен айналысатын мердігерлердің тапқырлығы таңдандырған еді.

Аташ ауылындағы жол куәгерлердің камераларына түсіріп қалған. Жұмысшылар алаң бойымен өтетін газ құбырын елемей, асфальт төсеуді жалғастырған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882182-rlau-sin-salynbajdy-seneunik-ne-sebepti-zoldy-sapasy-nasar-ekenin-ajtty/

pixel