Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық СІМ қырғыз тарапын шаралар қабылдауға шақырды

Опубликовано:

Кәсіпорын
Көрнекі фото: piqsels.com

29 қазанда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Казакбаевпен келіссөздер өткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

СІМ-нің ресми сайтында келіссөздер барысында Мұхтар Тілеубердінің Қырғызстандағы қазақстандық кәсіпорындарға жасалған шабуыл фактілеріне алаңдаушылық білдіргені хабарланды.

Министр қырғыз тарапын құқықтық тәртіпті және ҚР азаматтары мен компанияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға шақырды.

Еске салсақ, Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасындағы қазақстандық кәсіпорындардың жағдайына қатысты мәлімдеме жариялаған болатын.

Кәсіпорындардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлеріне күш жұмсау және осы кәсіпорындардың мүлкін жою туралы қауіп-қатер көрсету фактілері ерекше алаңдататыны белгілі болған еді.

Айта кету керек, белгісіз адамдар Қырғызстандағы ең үлкен алтын кен орны – Джеруйге кірді. Кен орнында жұмыс істеген компания жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған еді.

Компанияның барлық қызметкерлері үйлеріне шығарылған болатын. Өндіріс орнында нақты не болғаны әзірге белгісіз екені, алайда желіде пайда болған кадрлардан ол жерде тонаушылардың жүргенін атап өтілген.

Сонымен қатар, алтынды қайта өңдейтін зауыт жақын арада Джеруй кен орнында жұмысын бастауы керек еді. Джеруйдің баланстық қоры – 80 тонна, баланстан тыс қор – 16,6 тоннаны құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882183-sim-kyrgyzstandagy-kazakstandyk-ksiporyndarga-zasalgan-sabuyldarga-aladauly/

pixel