RU

Алматыда екі есірткі тасымалдаушысы құрықталды (видео)

Полицейлер көлікті тоқтатты
Видеодан кадр: polisia.kz

Алматыда есірткі тасымалдады деген күдікпен бір күнде екі адам ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы операция Алматыда жүргізілген. Бастапқыда Алатау ауданында ішінде төрт ер адам отырған Kia автокөлігі тоқтатылған. Олардың барлығы да бұрын сотты болған.

Оларды тінту барысында көзілдірік қорабына салынған 11 есірткі пакеті табылған.

Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы әрекет басқармасының басшысы Ерлан Алмағамбетовтың айтуынша, мұндай пакеттерде бірнеше доза болады. Оның сөзінше, героин жеке тұтыну үшін мұндай мөлшерде сатып алынбайды.

Осы көліктің жүргізушісі де есірткі қолданып, рқлге отырғаны анықталған. Бұған дейін ол осыған ұқсас құқық бұзғаны үшін көлік жүргізу куәлігінен айырылған.

Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік айып тұрағына қойылған.

Сол күні кешке сақшылар болжалды жеткізушіні қолға түсірген. Оны ұстаған сәтте шамамен 3 грамм героин алынған. Тәртіп сақшыларының ақпаратынша, ірі көлемде есрірткі тәркіленген.

Ер адамның 1968 жылы туғаны, бұған дейін әртүрлі қылмыс үшін сотталғаны белгілі болды. Ол уақытша ұстау изоляторында.

Ұсталғандарға қатысты 296 бап бойынша тергеу басталған.

Еске сала кетсек, Петропавлда тәртіп сақшылары көшеде тоқтатылған көліктен 60 келіге жуық марихуана тапқанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882214-almatyda-eki-esirtki-tasymaldausysy-kryktaldy-video/