RU

ПТР тапсырмас үшін әуежайдан қашып кеткен ИИДМ шенеунігі жұмыстан шығып кетті

шенеунік6
Көрнекі фото: pixabay.com

Өткен аптада коронавирус жұқтырмағанын растайтын ПТР анықтама тапсырмай, әуежайдан қашып кеткен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметкері өз еркімен ведостводағы жұмысынан шығып кеткен. Бұл туралы ИИДМ баспасөз хатшысы Мадияр Уақпаев хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Иә, кешегі күннен бастап өз еркімен жұмыстан кетті", - деді Мадияр Уақпаев.

Еске салсақ, бұған дейін Мысырдан келген екі қазақстандықтың Нұр-Сұлтан әуежайынан қашып кеткенін хабарланған болатын. Азаматтарда ПТР анықтама болмағандықтан, олар коронавирус бар-жоғын анықтайтын тест тапсыруы керек еді.

Алайда ер адам мен келіншек арнайы автобусқа отырғызу басталған кезде әуежайдан қашып кеткен.

Кейінірек Байғабылов толығырақ мәлімет берді. Полиция қашқындардың қайда екенін анықтаған. Ерлі-зайыптылар карантин станционарына жеткізіліп, оларға айыппұл салынған.

Көліктегі бас санитардың ақпаратынша, әуежайдан қашқан ер адам Қазақстанның ИИДМ қызметкері болып шыққан. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлауынша, қазір ішкі тергеу басталған. Мамандар ер адамның кім екенін, оның расымен де министрлікте жұмыс істейтін-істемейтінін анықтап жатыр. Ер адам жұмыс орнына жалған ақпарат беруі немесе министрліктің бұрынғы қызметкері болуы да мүмкін екені айтылды.

Оған қоса, шенеунік былтырдан бері ведомствода сарапшы болып жұмыс істейтіні белгілі болды.

Кейінірек, көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов шенеуніктің ПТР тестіні нәтижесін жария етіп, оның коронавирус жұқтырмағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882217-ptr-tapsyrmas-sin-uezajdan-kasyp-ketken-iidm-seneunigi-zmystan-sygyp-ketti/