Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кіріп-шығуға тыйым салынады: ШҚО-да карантинді күшейту туралы жаңа қаулы шықты

Опубликовано:

блок бекет 1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шығыс Қазақстан облысы Санитарық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында аймақтағы карантиндік шараларды күшейту туралы қаулы шықты.

ШҚО бас санитар дәрігерінің орынбасары өңірде карантин шараларын күшейту туралы қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, 1 қарашадан бастап 13 блок-бекет қойылады.

"Алматы (1 бекет), Қарағанды (1 Бекет), Павлодар (2 бекет) облыстары, «Ауыл», «Уба» (Шемонаиха ауданы-1 бірлік, Бородулиха ауданы - 1 бірлік) өткізу пункттерінде және Өскемен қаласы бойынша 7 бекет тарапынан Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін 13 санитариялық бекеттің жұмысын қамтамасыз етсін", - делінген құжатта.

Санитариялық бекеттердің жұмыс істеу режимі мен мерзімдері COVID-19 таралуы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуалға сәйкес өзгертілуі мүмкін екені айтылған.

"Осы қаулыда көрсетілген адамдарды қоспағанда, азаматтардың облыс аумағына және Өскемен қаласының аумағына (–н) келуіне/кетуіне тыйым салынсын", - делінген қаулыда.

Осы ретте Өскемен қаласын қоспағанда, облыс тұрғындарының бір ауданнан, қаладан екінші ауданға кедергісіз жүріп-тұруына рұқсат берілген.

Еске сала кетсек, бүгін, 29 қазанда Шығыс Қазақстан облысында тұрғындар үшін арнайы шектеулер енгізіліп, аймақтың сыртқы шекараларында бақылау бекеттері орнатылатыны хабарланды.

Қазақстанда өткен тәулікте 268 адамнан коронавирус анықталды. Олардың 139-ы Шығыс Қазақстан облысында тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882224-kirip-syguga-tyjym-salynady-sko-da-karantindi-ksejtu-turaly-zaa-kauly-sykty/