RU

Екібастұзда ішінде ақшасы бар инкассатор көлігі өртенді (видео)

Инкассатор көлігі өртенді
Оқиға орны. Фото: Павлодар облысы ТЖД

Екібастұзда бүгін кешке Әуезов көшесінде инкассатор көлігінің алдыңғы жағы жанып кеткен. Өрт сөндірушілер келгенше тасымалданған ақша салоннан шығарылып, басқа көлікке ауыстырылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар облысы ТЖД сілтеме жасап.

Оқиға орнынан кадрлар әлеуметтік желі беттерінде жарияланды. Кадрларда "Газельдің" алдыңғы бөлігі жанып жатқаны көрінеді.

Көлік жаяу жүргіншілер өткеліне тоқтап, жүргізуші өрт сөндірушілер келгенше жалынды сөндіруге тырысқан.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, көліктің қозғалтқыш бөлігі тұтанған. Жалынның жалпы аумағы 4 шаршы метрді құраған.

Ведомство көлік банктердің біріне тиесілі екенін атап өтті. Алдын ала болжам бойынша, қызыл жалынға қысқа тұйықталу себеп болған.

Өрт сөндірушілердің дерегінше, автокөлік қана зақымданып, ақшаларға ешнәрсе болмаған. Құтқарушылар келгенше қаражат салоннан шығарылып, басқа инкассатор көлігіне берілген. Оқиға орнында тек жүргізуші қалған.

Еске сала кетсек, Павлодарда балалар алаңында адам өлтірді деген күдікпен ер адамның ұсталғанын хабарлаған едік. Тәртіп сақшылары бұрын сотталған 30 жастағы жігітті қамауға алған.

Сонымен қатар Павлодарда ер адам суретке түсіруден бас тартқан көршісін ұрып тастағанын жазған болатынбыз.

Полицияның хабарлауынша, Павлодар тұрғыны көршісінен өзінің ұялы телефонына суретке түсіріп жіберуін өтінген. Мас көршісі суретті тегін түсіруден бас тартып, өз қызметі үшін бір бөтелке арақ сұраған.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/1882226-ekibastzda-isinde-aksasy-bar-inkassator-kligi-rtendi-video/