Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмолада әкімдік бөлімінің басшысы 700 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Әкімдік қызметкері
Қаржылық мониторинг жөніндегі комитет: Қаржылық мониторинг жөніндегі комитет

Ақмола облысында 700 млн теңге жымқырды деген күдікпен әкімдіктің аудандық бөлімінің басшылары бастаған лауазымды тұлғалар тобы ұсталды деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг жөніндегі комитеті.

Экономикалық тергеу департаменті 700 млн теңге сомасына қосалқы станция салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Сотқа дейінгі тергеу аясында Ақмола облысы әкімдігінің аудандық бөлімінің басшылары бастаған бір топ адам ұсталды.

Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Қаржылық мониторинг жөніндегі комитетте ұсталған видео көрсетілді.

Айта кетейік, елімізде мүлде проблемасы жоқ ауыл бар болып шықты. Ақмола облысында орналасқан бұл елдімекенде мүлде қылмыс жоқ. Тұрғындардың тәртіп бұзуға қолдары тимейді екен. Себебі, барлығы да жұмыспен қамтылған. Ауыл азаматтары үйлерінің есігін құлыптамайды, көліктерін де кілттемеуге үйренген.

Тазалығымен және еңбекқор тұрғындарымен ел аузында жүрген Ақмола облысындағы Родина ауылын жұрт "шағын Германия" деп те атайды.

Жыл басынан бері мұнда ешқандай да заңбұзушылық тіркелмеген. Тоғыз ай бойы бірде бір қылмыс болмаған ауылдың тірлігі қалалықтарға бергісіз. Тасжол, қаздай тізілген біркелкі үйлер, супермаркет, фитнесорталық дейсің бе, жайлы өмір үшін қажеттінің бәрі бар. Сондықтан да тұрғындар қалаға себепсіз ағылмайды. Ең бастысы, ұйқылары тыныш. Ұрлық-қарлық, қылмыс атаулыдан ада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882277-akmolada-kimdik-blimini-bassysy-700-mln-tege-zymkyrdy-degen-kdikke-ilindi/