RU

"Үсіп қалғандай": Коронавирустың тағы бір жаңа симптомы табылды

Бақай
Көрнекі фото: piqsels.com

Зерттеу көрсеткендей, COVID-19 жұқтырудың жаңа белгісі пайда болды: ол – бақайлардың өзгеруі. Ғалымдардың айтуынша, олар қышып, ісіп, түсін өзгерте бастайды деп хабарлайды 9news.

Халықаралық дерматологиялық қоғамдар лигасы мен Америкалық дерматология академиясының (AAD) зерттеулері көрсеткендей, коронавирус жұқтырған пациенттердің аяғында бақайлары үсіп қалғандай қабыну байқалған.

Терідегі ұқсас қабыну өте төмен температурада, күйік пен күлбіреу тудырған кезде пайда болады.

Зерттеу барысында COVID-19 инфекциясының 505 жағдайы қаралған, оның ішінде 318 пациент (63 пайызы) осы симптом туралы хабарлапты.

Көптеген жағдайда қабыну жеңіл болып, белгілері бірнеше апта ішінде жоғалып кеткен, бірақ кейбір жағдайларда ол 150 күннен астам сақталған.

Қабыну аяқта немесе қолда дами алады, бірақ көбінесе бақайларда байқалады.

Сертификатталған педиатриялық дерматолог Эми Паллердің айтуынша, ісіну мен түсі өзгеру бір немесе бірнеше бақайдан басталуы мүмкін.

AAD дерегі бойынша тері алдымен ашық қызыл түске боялады, ол бақайлар мен бақай буындары біртіндеп күлгін түске боялады.

Еске салсақ, еліміздегі ақ халаттылар коронавирус кезінде жас отбасыларға бала сүюді жоспарламай қоя тұруға кеңес берді.

Айта кеткен жөн, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейіп жатыр. Өткен тәулікте Қазақстанда 392 адамнан коронавирус анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882293-sip-kalgandaj-koronavirusty-tagy-bir-zaa-simptomy-tabyldy/