Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығындарды өтеуі тиіс: 25 адам "Болашақ" стипендиясынан айырылды

Опубликовано:

шетелдегі білім
Көрнекі фото: vsluh.ru

Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Айнұр Кәрбозова 25 адам "Болашақ" стипендиясынан айырылып қалғанын айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айнұр Кәрбозованың айтуынша, шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өткен. Күн тәртібінде екі мәселе қаралыпты.

Орталық басшысының айтуынша, алдымен конкурстық іріктеуден өткен үміткерлерге "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау туралы мәселе талқыланған.

Іріктеудің екі кезеңінен сәтті өткен 57 үміткерге стипендия тағайындалған.

Сондай-ақ Кәрбозова отырыста келісімшарт міндеттемесін орындамаған 25 стипендиятқа қатысты мәселе жан-жақты қаралып, оларды стипендиядан айыру туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

"Екінші мәселеге қатысты айтар болсам, ол академиялық бағдарлама аяқталғаннан кейін магистр дәрежесін алмаған, сонымен қатар оқуын аяқтамаған стипендияттарға қатысты болды. Бүгінгі комиссия мұндай 25 шешім шығарды.
Олар келісімшарт міндеттемелерін орындамағандары үшін стипендиядан айырылды. Енді олармен мемлекет алдындағы берешектерін өтеу бойынша жұмыс жүргізіледі. Аталған азаматтар оқуларына жұмсалған барлық шығындарды өтеуі тиіс", - деді ол.

Еске сала кетсек, Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Adal bilim" жобалық кеңсесінің басшысы Талғат Нәрікбаев білімді жастардың жаппай шетелге кетуін тоқтатудың негізгі жолымен бөліскен еді.

Айта кетсек, жақында Шымкенттегі академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті лицензиясынан айырылып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882318-sygyndardy-teui-tiis-25-adam-bolasak-stipendiasynan-ajyryldy/

pixel