
Еліміздің бас санитар дәрігері ОКҚ өткен брифингте Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтыру көрсеткішінің не себепті күрт өскенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ерлан Қиясов пандемия басталғалы бері Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 9 565 жағдайы тіркелгенін мәлім етті.
Соңғы жеті күнде коронавирус жұқтыру көрсеткіші бірден өскен.
Сонымен, жүз мың тұрғынға шаққандағы ауру деңгейі 56,1 құрап отыр. Репродуктивті сан 1,53-тен асады.
БАҚ өкілдері Қиясовтан аймақта COVID-19 жұқтыру көрсеткішінің өсу себебін сұрады.
Шенеунік мұның объективті себептері бар екенін хабарлады. Соның бірі - халықтың жоғары көші-қон қабілеттілігі.
"Көрші мемлекеттердің шекаралас аудандарында осы сағатта коронавирус бойынша жағдай өте қолайсыз, аурудың күрт өсуі байқалуда. Облыс тұрғындарының шекаралас аймақтарға жеке сапарларының нәтижесінде вирус таралған", - деді ол.
Сонымен қатар ПТР тесттен өткізген жеке зертханалардың хабарламалары уақытында жетпегені белгілі болды. Салдарынан алдын алу шаралары кеш жүргізілген.
"Осы зертханалардан хабарламалар 3-5 күнге кешіктірілді, сол себепті санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының шаралары кешіктіріліп жүргізілген", - дейді Қиясов.
Бас санитар дәрігердің айтуынша, коронавирус жұқтырғандардың күрт өсуіне тұрғындардың бейқамдығы да себеп болуы мүмкін. Бұған дейін маска режимін бұзғандар тіркелген.
Еске сала кетсек, осыған дейін 1 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілетінін, өңірде 13 блок-бекет жұмыс істейтін жазған едік.
Сонымен бірге өңірге премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен барғанын хабарлаған болатынбыз.
Тоғжановтың тапсырмасына сәйкес, облыста 2 қарашадан бастап эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша түбегейлі шаралар қабылданады.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/1882393-elimizdi-bas-sanitar-drigeri-sko-da-koronavirusty-rsu-sebebin-tsindirdi/