Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жұқтыру бойынша Қазақстанның тағы бір облысы "сары аймаққа" енді

Опубликовано:

Көшеде адамдар келе жатыр
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздің бас санитар дәрігері ОКҚ өткен брифингте эпидемиологиялық жағдай ШҚО-да ғана емес Солтүстік Қазақстан облысында да ушығып тұрғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерлан Қиясов қазіргі уақытта ШҚО мен СҚО "сары аймақта" екенін хабарлады.

"Негізінде, қазіргі уақытта бізде жағдай ушығып тұрған аймақтар жоқ. "Сары аймақтағы" өңір бар. Ол-Солтүстік Қазақстан облысы. Шығыс Қазақстан облысы да "сары аймақта", - дейді еліміздің бас санитар дәрігері.

Еске сала кетсек, бұған дейін 1 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілетінін, өңірде 13 блок-бекет жұмыс істейтін жазған едік.

Ал бүгін, 30 қазанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды.

Тоғжанов облыс әкімдігіне он күн мерзім ішінде өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша түбегейлі шараларды қабылдауға тапсырма берді.

Сондай-ақ еліміздің бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов Шығыс Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткішінің не себепті бірден өсіп кеткенін түсіндірді.

Санитар дәрігердің сөзінше, мұның объективті себептері бар. Соның бірі - халықтың жоғары көші-қон қабілеттілігі. Шенеуніктің айтуынша, вирус жұқтырғандардың күрт өсуіне тұрғындардың бейқамдығы да себеп болуы мүмкін. Бұған дейін маска режимін бұзғандар тіркелген.

Айта кетсек, өткен тәулікте елімізде 392 адамнан COVID-19 инфекцияcы анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882401-koronavirus-zktyru-bojynsa-kazakstanny-tagy-bir-oblysy-sary-ajmakta-tr/

pixel