Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грекия мен Түркияда жойқын жер сілкінісі болды (фото, видео)

Опубликовано:

Жер сілкінісі салдарынан қирап қалған ғимараттар
Оқиға орны. Фото: aa.com.tr

Грекияның Самос аралында жер сілкінісі болды. Афина университетінің сейсмикалық зертханасы магнитудасы 6,8 баллды тіркеді.

РИА Новостидің жазуынша, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 13:51-де болған.

Зертхананың мәліметіне сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Самостың солтүстік-батысында 24 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жер асты дүмпуі 10 секундқа созылған. Салдарынан бірнеше ғимарат қирап қалған.

Жер асты дүмпуі Афинада да байқалғаны хабарланды. Карловасидағы Богородица шіркеуінің бір бөлігі де қирап қалған. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Төтенше жағдай салдарынан Грекия премьер-министрінің телеүндеуі кейінге қалдырылған.

Сондай-ақ жер сілкінісін түркиялықтар да сезген. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жер сілкінісінің эпицентрі Сеферихисар қаласының маңында. Измир аумағында да опырылған ғимараттар тіркелгені хабарланды.

Жергілікті телеарналар жер сілкінісі аздап цунами тудырғанын хабарлауда. Себебі Сеферихисар қаласындағы жағалаудағы көшелерді су басып қалған

Айта кетейік, Самос аралы Эгей теңізінде орналасқан. Бұл теңіздің жағалауында Измир провинциясы да орналасқан.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың 21 қазанында таңертең Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді. Эпицентр қаладан 300 шақырым жерде орналасқан.

"Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы" ("СТӘЭ" ЖШС) сайтынан алынған жедел мәліметтерге сәйкес, жерасты дүмпулері Нұр-Сұлтан уақытымен 5 сағат 8 минут 4 секундта тіркелген.

Сонымен қатар бұған дейін жерасты дүмпулерін сезгеннен кейін қалай әрекет ету керектігін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1882406-grekia-men-trkiada-iri-zer-silkinisi-boldy-foto-video/

pixel