Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстанда барлық мектептер онлайн форматқа ауыстырылды

Опубликовано:

мектеп парта
Көрнекі фото: pixabay.com

ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаев өңірдегі барлық мектептердің онлайн форматқа ауыстырылғанын мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Облыстың бас санитарлық дәрігері шығарған қаулы мен ведомствоаралық комиссияның бүгінгі шешімі бойынша барлық мектеп онлайн режимге ауыстырылды", – деді Тұңғышбаев.

Оның айтуынша, аймақта эпидемиологиялық жағдай ушығып бара жатқанда бір науқас анықталса да, мектепті толығымен жабуға шешім қабылданған болатын. Ондай жағдайлар болған. Қазіргі кезде барлығы онлайн форматқа көшірілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін 1 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілетінін, өңірде 13 блок-бекет жұмыс істейтін жазған едік.

30 қазанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды.

Ол облыс әкімдігіне он күн мерзім ішінде өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша түбегейлі шараларды қабылдауға тапсырма берді.

Сондай-ақ еліміздің бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов Шығыс Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткішінің не себепті бірден өсіп кеткенін түсіндірді.

Оның сөзіне қарағанда, мұның объективті себептері бар. Соның бірі - халықтың жоғары көші-қон қабілеттілігі. Шенеуніктің айтуынша, вирус жұқтырғандардың күрт өсуіне тұрғындардың бейқамдығы да себеп болуы мүмкін. Бұған дейін маска режимін бұзғандар тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882411-sygys-kazakstanda-barlyk-mektepter-onlajn-formatka-auystyryldy/

pixel