Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда жер сілкінісінен қаза болғандар саны алты адамға жетті

Опубликовано:

Измир жер сілкінісі
Измир. Фото: Getty Images/ Anadolu Agency / Contributor

Эгей теңізіндегі жойқын жер сілкінісінен және оның әсерінен туындаған цунами салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны бойынша жаңа деректер пайда болды. Түркияның Измир қаласында алты адам, ал Грекияның Самос аралында екі бала көз жұмған.

РИА Новости Түркияның төтенше жағдайлар және табиғи апаттар жөніндегі агенттігіне сілтеме жасай отырып, Измир қаласында зілзаладан алты адам қаза тапқанын хабарлады. Жерасты дүмпулерін жақын маңдағы елді мекен тұрғындары да сезген, алайда басқаларға қарағанда, Измир қаласы елеулі зардап шегіп отыр.

Соңғы деректерге сәйкес, жер сілкінісінен кемінде 257 адам түрлі жарақат алған.

Құтқарушылар қирандылардың астынан 70-ке жуық адамды алып шықты.

Сонымен қатар, Израиль мен Иран елдері Түркияға табиғи апаттың салдарын жоюға көмек көрсетуге дайын екендерін білдірді.

Бұдан бөлек, Грекияда жер сілкінісі салдарынан құлаған қабырғаның екі мектеп оқушысын басып қалғаны белгілі болды. Балалар оқиға орнында көз жұмған.

Осыған дейін Түркиядағы жер сілкінісінің салдары бейнеленген видеолар пайда болғанын хабарлағанбыз.

Кадрлардан Измир көшелерін су басқанын, жиһаздардың, үйдің қирандылары мен өзге де заттардың сумен ағып бара жатқанын көруге болады.

Еске салсақ, бұған дейін Грекия мен Түркияда жойқын жер сілкінісі болғанын хабарлағанбыз.

Афина университетінің сейсмикалық зертханасы мәлім еткендей, зілзала ошағы Самостың солтүстік-батысында 24 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1882419-trkiada-zer-silkinisinen-kaza-bolgandar-sany-alty-adamga-zetti/

pixel