RU

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Көшеде адамдар келе жатыр
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте 461 адамнан коронавирус анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 31

Алматы қаласы - 21

Шымкент қаласы - 6

Ақмола облысы - 39 Ақтөбе облысы - 6

Алматы облысы - 14

Атырау облысы - 12

Шығыс Қазақстан облысы - 233

Жамбыл облысы - 2

Батыс Қазақстан облысы - 13

Қарағанды облысы - 16

Қостанай облысы - 12

Маңғыстау облысы - 6

Павлодар облысы - 25

Солтүстік Қазақстан облысы - 21

Түркістан облысы - 4

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 111953.

Еске салсақ, еліміздің бас санитар дәрігері ОКҚ өткен брифингте эпидемиологиялық жағдай ШҚО-да ғана емес Солтүстік Қазақстан облысында да ушығып тұрғанын айтты.

Ерлан Қиясов қазіргі уақытта ШҚО мен СҚО "сары аймақта" екенін хабарлады. "Негізінде, қазіргі уақытта бізде жағдай ушығып тұрған аймақтар жоқ.

"Сары аймақтағы" өңір бар. Ол-Солтүстік Қазақстан облысы. Шығыс Қазақстан облысы да "сары аймақта", - дейді еліміздің бас санитар дәрігері.

Еске сала кетсек, бұған дейін 1 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілетінін, өңірде 13 блок-бекет жұмыс істейтін жазған едік.

Ал 30 қазанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды. Тоғжанов облыс әкімдігіне он күн мерзім ішінде өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша түбегейлі шараларды қабылдауға тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882428-kazakstanda-tken-tulikte-461-adamnan-koronavirus-anyktaldy/