Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелден ПТР анықтамасыз ұшып келген 62 адам карантинге жабылды

Опубликовано:

ПТР тестілеу ковид1
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Бүгін елордаға халықаралық әуе рейстерімен келген 62 жолаушы карантинге жатқызылды. Олардың қолында ПТР-анықтама болмаған. Енді бір апта бойы стационарда дәрігерлердің бақылауында болады деп жазады Хабар 24.

Оқшаулау мерзімі бас санитар дәрігердің қаулысына сай өзгертілді. Жалпы өткен тәулікте бас қалаға Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Беларусь мемлекеттерінен 799 қазақстандық келді. Басым бөлігінде коронавирус жұқтырмағаны жөнінде анықтама бар. Сондықтан тексерусіз үйлеріне қайтарылды. Айта кетейік, қазір ПТР-анықтамасы жоқ шетел азаматтарының ұшаққа отыруына рұқсат жоқ. Онсыз тек қазақстандықтар ғана елге қайта алады. Сөйтіп, қалаға келген бойда карантинге жатқызылады.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Тараған хабарламада 30 қазан күні ҚР ҚМ ҚМК Тергеу департаменті қызметкерлері бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты ұстап, Нұр-Сұлтан қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамағаны туралы айтылған.

Сондай-ақ, Біртанов интеграциялық платформаны сатып алуға бөлінген 526 млн теңгеден аса бюджет қаржысын жымқырған деген күдікке ілінгені хабарланған.

Бірқатар БАҚ өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктің ұсталғанын жариялап жатыр. Алайда, бұл жаңалық әлі ресми түрде расталмады да, теріске де шыққан жоқ. ҚР ҚМ Қаржы мониторингі жөніндегі комитет қазір аталған ақпаратқа қатысты пікір білдіре алмайтынын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882452-setelden-ptr-anyktamasyz-syp-kelgen-62-adam-karantinge-zabyldy/

pixel