Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Порно көрсеткен": ШҚО-да екі баланың анасы ақталып шыққан экс-күйеуі жайлы айтты

Опубликовано:

Екі баланың анасы
Видеодан кадр: Еуразия бірінші арнасы

ШҚО-да екі балаға зорлық көрсетті деп айыпталған азаматқа қатысты шыққан ақтау үкімі қоғамда қызу талқыға түсті. 4 жасар қыз бен 9 жасар баланың анасы азаматтық некеде тұрған күйеуінің көрсеткен қорлығын жайып салды деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

Семей тұрғыны азаматтық некеде тұрған 26 жастағы күйеуі еш жерде жұмыс істемегенін айтады. Ол 9 жасар өгей ұлын қорқытып, үнемі ұрып тұрған. Ыстықта ит күркесінде ұстап, тіпті, тамақ пен су бермеген. Баласын тек анасы жұмыстан келерде босатып, ешкімге айтпауды бұйырған. Одан бөлек, азамат өгей қызын қорлап, оған порно көрсеткен.

"Ол үшін (қызы - ред) бұл қорқынышты ойын болған. Ештеңе түсінбеген. Тәттілер мен ойыншықтар әперіп алдаған",- дейді екі баланың анасы.

Келіншек бұл бассыздықты баласы үйінен қашып кеткенде бір-ақ білген. Ұлы өзіне өгей әкесі қысым көрсеткенін айтқан, ал артынша кішкентай қызы да барлық жайтты баяндап берген.

"Олар қорқады. Ұлымның психикалық жағдайы қиындап кетті. Қызым да тұйықталып қалды. Ол мұны қорқынышты түс сияқты ұмытқысы келеді. Қызым оны "жаман ағай" деп атайды. Тіпті, есімін атағысы келмейді",- дейді келіншек.

Алғашқыда балалардың өгей әкесі 16 жылға сотталған, алайда кейінірек алқабилер соты оны ақтап шықты. Ал екі баланың анасы үкіммен келіспей, апелляция берді.

"Оны жазалау керек. Ол - ауру. Ол "педофилия" деп аталады. Оны барлық сараптама растады, яғни, тергеу барысында барлығы тексерілді, психологиялық сараптамамен расталды",- дейді ол.

Қоғам белсенділері де барлық мән-жайды жіті бақылауды сұрап отыр.

Айта кетейік, бұл оқиға көпшіліктің назарына бірден іліккен еді. Ер азамат кішкентай балаларды зорлағаны үшін сот алдына келген. Ол алғашында бар кінәcін мойындап, кейінірек өз сөзінен бас тартты. Алқабилер қатысқан алғашқы инстанция соты айыптау үкімін шығарды, алайда кейінірек іс қайта қаралды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882462-porno-krsetken-sko-da-eki-balany-anasy-aktalyp-sykkan-eks-kjeui-zajly-ajtty/

pixel