RU

Алматыдағы "Жібек Жолы" базарынан өрт шықты (видео)

Өрт
Видеодан кадр: Kris.p.almaty.Official

Алматыда "Жібек жолы" базары өртке оранды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желі қолданушылары бөліскен кадрларға қарағанда, Алатау ауданында орналасқан "Жібек Жолы" базары өртенген. Түтін қаланың әр түрлі бөлігінен байқалған. Өртті биіктен де, базар маңынан өтіп бара жатқан автокөліктегілер де видеоға түсіріп алған.

Роликтер Kris.p.almaty Official Telegram парақшасында пайда болды.

Жазбалардың бірінде оқиға орнына Алматы қалалық ТЖД қызметкерлері келіп жеткені айтылған. Өрт базардағы контейнерлердің бірінде тұтанған. Көп ұзамай ҚР ТЖМ пікірі пайда болды.

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли өрт сөндірушілер Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14:41-де шақыртуға шыққанын хабарлады. Олар оқиға орнына 14:48-де келіп жеткен.

Өрт
Фото: ҚР ТЖМ

Ол уақытта авто бөлшектер сатылатын сегіз контейнердің жоғарғы тұстары жалынға оранып үлгерген.

Контейнерлердің жоғары жанғыш жүктемесі өрттің тез таралуына ықпал ететін күшті жылу сәулесін тудырған. Өрт сөндіру оқпандарының көмегімен сөндірілді, автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды, сондай-ақ жақын маңдағы су қоймасынан су алу жүргізілді.

Ошақ 30 минутта оқшауланды. Өртті толық жою 15:28-де расталды. Өрттің жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрады. Оқиға орнында жеке құрамнан 67 адам және 16 бірлік арнайы техника, сондай-ақ өзара іс-қимыл қызметтері жұмыс істеді. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882465-almatydagy-zibek-zoly-bazarynan-rt-sykty-video/