Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Порностудиям жоқ": Интимді видео сатты деген күдікке ілінген ару өз шындығын айтты

Опубликовано:

Қарағандылық ару
Видеодан кадр: polisia.kz

Өз қатысуымен түсірілген порнографиялық сипаттағы видеоларды таратты деген күдікке ілінген қарағандылық ару тәртіп сақшыларымен соттаспақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бірнеше күн бұрын полицейлер өз қатысуымен порновидеолар түсіріп, ақшаға сатты деген күдікке ілінген 30 жастағы қарағандылық арудың ұсталғанын хабарлаған еді. Сондай-ақ, қыз интим- қызметтерді 300 долларға көрсетеді деген ақпарат айтылған.

Тәртіп сақшылары болжалды порноактрисаны ұстау сәтінен видео таратқан болатын. Көп ұзамай бойжеткен "танымалдылыққа" ие бола бастады. Енді нәзік жанды тәртіп сақшыларының үстінен сотқа арыз тастамақ.

Ол өз ұсталуына қатысты пікір білдіріп те үлгерген. Айтуынша, өзі расымен де эротикалық сипаттағы видеолар түсірген, бірақ оны ешкімге сатпаған. Украинада тұратын жігітпен сөйлесіп жүрген ол бұл видеоларды тек сол азамат үшін таспалапты. Өз интимді жазбаларын жіберген бойжеткен мұндай жағдайға тап боламын деп ойламаған екен.

"Біз ол жігітпен бірнеше ай сөйлестік. Ол менен видео сұрады, мен оған жібердім. Көбі осылай жасайды, бірақ ашып көрсетпейді. Бұл қылмыс емес қой. Ол жігіт мұны Telegram-канал арқылы сататынын қайдан білейін? Мен тіркеген канал деп отырған каналдың маған еш қатысы жоқ. Ол, тіпті, Қазақстанда тіркелмеген. Ол үшін неге мен жауап беруім керек? Мен туралы мәлімет бар болған соң ғана ма? Оған қоса, ол Қазақстанда бұғатталған, сондықтан тарату туралы әңгіме де болмауы керек",- деді Қарағанды тұрғыны.

Бойжеткен полицейлердің клиенттермен ақша үшін интим-кездесулер ұйымдастырған деген мәлімдесіне таңданып отыр. Өзін жезөкшелікпен айналысты деп айыптағаны үшін ол тәртіп сақшыларының үстінен сотқа арыз тастамақ.

"Полиция мені күллі елге жезөкше етіп көрсетті. Менің атым мен абыройыма нұқсан келтірді. Мен өзімнің ню (эро) модель екенімді жасырмаймын. Бірақ, модель мен жезөкше - екі бөлек нәрсе. Менің порностудиям мен сыбайластарым бар деген ақпарат та жағамды ұстатып отыр. Бұл жалған. Олар мұны біледі. Украинада жүрген шын таратушыны ұстасын. Мен істемеген ісіме не үшін жауап беруім керек?", - дейді ол.

Қарағандылық бойжеткеннің сөзінше, полицейлер оны өз болжамдары бойынша ұстаған. Порновидео сатушысымен Telegram арқылы сөйлескенім басты дәйек болып отыр дейді ол.

"Мен бұл Telegram-каналды жүргізбеймін, ол менікі емес. Сондықтан, менің атымнан басқа біреу сөйлескен, ал полиция мұны басты дәлел етіп отыр. Бұл абсурд! Мен олардан нақты фактілер ұсынып, шын мәнінде видео таратқан азаматты ұстауды сұрадым. Қазір адвокат таптым және жала жапқаны үшін оларды сотқа бермекпін",- деді бойжеткен.

Қазір ол өз үйінде. Айтуынша, телефоны мен картасын полиция қызметкерлері тәркілеп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882476-pornostudiam-zok-intimdi-video-satty-degen-kdiktelgen-aru-z-syndygyn-ajtty/

pixel