RU

Қазақстанда пневмониядан тағы 1 адам қайтыс болды

Палатадағы төсек-орын
Көрнекі фото: Antonio Masiello/Getty Images

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 216 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 216 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 77 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 37 962, 402 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28 787-ге жетті.

Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасы хабарлағандай, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 4 166 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 330 өскіншек бала бар.

Стационарларда 2 339 науқас жатыр. 1 827 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Өткен тәулікте коронавирустан 4 адам көз жұмған.

Жалпы науқастардың арасында 154 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 12 науқастың халі аса қатты ауыр деп бағалануда. 17 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Статистика
Фото: ДСМ Telegram арнасы

Еске салсақ, Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2020 жылғы 31 қазанындағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, өткен тәулікте 465 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Оған қоса, Қазақстанда 90 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Айта кеткен жөн, Еуропадағы коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайларының 80%-ына мутацияланған коронавирус себеп болғаны туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882493-kazakstanda-pnevmoniadan-tagy-1-adam-kajtys-boldy/