Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Англияда жалпыұлттық локдаун жарияланды

Опубликовано:

Борис Джонсон
Фото: Alberto Pezzali-Pool/Getty Images

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон сенбі күні кешке COVID-19 коронавирусының таралуы аясында Англияда 5 қарашадан 2 желтоқсанға дейін жаңа шектеу шаралары енгізілгені туралы мәлімдеді деп хабарлайды Интерфакс.

Джонсонның бұйрығына сәйкес, бейсенбіден бастап Англия тұрғындары жұмысқа немесе мектепке, дәрігерге, дүкенге немесе жақындарына көмектесу үйден шығуға рұқсат бар. Қалған жағдайларда халық "үйде отыруы керек".

Ашық ауада спортпен айналысуға және серуендеуге де рұқсат етіледі. Мектептер, колледждер мен университеттер өз жұмысын жалғастырады.

Клиенттерге барлар мен мейрамханалардан тауарды тек өзімен алып кетуге ғана рұқсат етілген. Дүкендер (азық-түлік дүкендерінен басқа), шаштараздар, сұлулық салондары, спорт залдары, сондай-ақ демалыс және ойын-сауық орындары жұмысты тоқтата тұруы керек.

Жұмыс бабымен сапарлайтындардан басқаларға шетелге шығуға уақытша тыйым салынады.

Джонсон пандемияға байланысты британдықтар Рождествоны бұрынғыдай тойлай алмайтынын ескертті.

"Рождество биыл әдеттегідей болмайды. Айтарлықтай өзгерістер болуы мүмкін", – деді Ұлыбритания премьер-министрі.

Оның шешімі Англияға ғана әсер етеді. Ұлыбританияның қалған бөлігі коронавируспен күресу шараларын өздігінен анықтайды.

Сенбіде Ұлыбританияда COVID-19 жағдайларының күн сайынғы өсуі 21 915-ті құрады, соңғы тәулікте елде 326 адам қайтыс болған. Осылайша, елде ауру жұқтыру жағдайларының жалпы саны 1 миллионнан асқан, 46,5 мыңнан астам коронавирустан өлім жағдайы тіркелді.

Еске салсақ, Ливан үкіметінің ведомствоаралық COVID-19-бен күресте жедел әрекет ету штабы бүкіл елде коменданттық сағат енгізу туралы ұсынысты мақұлдады. Ереже түнгі уақыттағы қозғалыстарды шектейді.

Оған қоса, Грекия билігі 3 қарашадан бастап елде ішінара локдаун енгізу туралы шешім қабылдады. Тамақтану орындары, мұражайлар мен театрлар бір айға жабылмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1882505-angliada-zalpylttyk-lokdaun-zarialandy/

pixel