RU

Түркияда апаттан қаза тапқандар саны 51-ге жетті

Құтқарушылар
Фото: Halil Fidan/Anadolu Agency via Getty Images

Измирде болған зілзала құрбандарының саны артты деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Түркия төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар жөніндегі агенттіктің соңғы мәліметі бойынша жер сілкінісі салдарынан 51 адам опат болды. Оның біреуі суға кеткен.

Жарақат алған 896 адамның 700-ге жуығы ауруханадан шықты. Құтқарушылар жер сілкінісінен опырылған 9 ғимараттың үйінділерін аршып жатыр. Жалпы іздестіру-құтқару жұмыстарына 5 мыңдай маман жұмылдырылған.

Еске салсақ, 31 қазан Грекия мен Түркияда жойқын жер сілкінісі болғаны туралы жазған болатынбыз.

Бұған дейін Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 24 адамға жеткені туралы жазған едік.

Сондай-ақ, Грекия мен Түркиядағы жойқын жер сілкінісіне байланысты Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы мәлімдеме жасаған еді.

Сонымен қатар, Жойқын жер сілкінісінен туындаған цунами Түркияның Измир қаласындағы үйлерді қиратты. Оқиға орнынан алғашқы кадрлар пайда болды.

Кадрлардан Измир көшелерін су басқанын, жиһаздардың, үйдің қирандылары мен өзге де заттардың сумен ағып бара жатқанын көруге болады.

Еске салсақ, бұған дейін жер сілкінісінен қаза болғандар саны 43-ке жеткені туралы жазған едік. AFAD жасаған мәлімдемеде жер сілкінісінен кейін сағат 07:00-дегі жағдай бойынша 812 жер дүмпуі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882515-trkiada-apattan-kaza-tapkandar-sany-51-ge-zetti/