Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда жетінші жалпыұлттық халық санағы басталып кетті

Опубликовано:

Қытай көшесіндегі халық
Көрнекі фото: Spencer Platt/Getty Images

10 жылда бір рет өтетін Қытайдың жалпыұлттық халық санағы желтоқсанның онына дейін жалғасады деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Халық санағы жұмысына 7 миллионнан аса есепші тартылған. Олар тек Қытай азаматтарын ғана емес, елде жарты жылдан аса уақыт тұрып жатқан шетелдіктер туралы да мәлімет жинайды.

Үкімет халықтың саны, жасы, жыныс жағынан бөлінуі, білім деңгейі мен қызметі жөніндегі деректерді нақтыламақ.

Бұл жолы ақпарат жинау үшін электронды әдістер кеңінен қолданылады. Адамдар өздері туралы мәліметті ұялы телефондар арқылы жібере алады.

2010 жылы өткен соңғы халық санағы Қытайда 1 миллиард 340 миллион адам тұратынын анықтаған болатын. 

"Халық санағы кезінде жиналған ақпарат алдағы саясатты белгілеу үшін қажет. Мәселен, мектептер, медициналық мекемелер, балалар мен қарттарға арналған нысандар мен жолдардың құрылысын жоспарлау үшін. Сондықтан әр азаматымыз үшін санақтың маңызы зор",– деді ҚХР мемлекеттік статистика басқармасының департамент директоры И. Чжан.

Еске салсақ, өткен тәулікте ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында (ШҰАА) жаңадан коронавирус жұқтырған 64 адам анықталды. Оның ішінде 3 науқас белсенді және 61-і симптомсыз тасымалдаушы.

Ливан үкіметінің ведомствоаралық COVID-19-бен күресте жедел әрекет ету штабы бүкіл елде коменданттық сағат енгізу туралы ұсынысты мақұлдады. Ереже түнгі уақыттағы қозғалыстарды шектейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1882525-kytajda-zetinsi-zalpylttyk-halyk-sanagy-bastalyp-ketti/

pixel