Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядағы жер сілкінісі: Қаза тапқандар саны 76-ға жетті

Опубликовано:

Түркия
Фото: РИА Новости / Алена Палажченко

2020 жылдың 30 қазанында түстен кейін Түркияның батысында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан жараланған және қаза тапқандар саны туралы жаңа дерек шықты.

Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, Измир провинциясында жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 76 адамға дейін өскен, ал жарақат алғандар саны 1000-ға таяған, нақты айтсақ, 962 адам түрлі дене жарақаттарын алған.

Мұндай мәліметтерді РИА Новости Түркияның төтенше жағдайлар және табиғи апаттар жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап келтірді.

Еске салсақ, Грекия мен Түркияда жойқын жер сілкінісі 30 қазан күні болды. Күші 6,6 балдық жер сілкінісі жергілікті уақытпен 14.51 кезінде Измир провинциясы Сеферхисар ауданына жақын жерде Эгей теңізінің жағалауында тіркелген.

Кейін табиғи апаттың суреттері мен видеолары интернетте пайда бола бастады.

1 қарашада жер сілкінісінен 51 адамның қаза тапқаны белгілі болды. Сонымен қатар жер сілкінісінің салдарынан туындаған цунами Түркияның Измир қаласындағы үйлерді қиратқан.

AFAD жасаған мәлімдемеде жер сілкінісінен кейін сағат 07:00-дегі жағдай бойынша 812 жер дүмпуі болғандығы, оның 40-ының күші 4 балдан жоғары болғандығы айтылды.

Қайғылы жайтқа байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президентіне, сондай-ақ барлық құрбандар мен қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Айта кетейік, Түркияда болған жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1882538-trkiadagy-zer-silkinisi-kaza-tapkandar-sany-76-ga-zetti/

pixel