Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде тағы 442 адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Бетперде1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда 1 қарашадағы жағдай бойынша коронавирус жұқтырған тағы 442 адам тіркелген. Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19-бен ауырғандар саны 112 860-ге жетті деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 28
  • Алматы қаласы - 21
  • Ақмола облысы - 27
  • Ақтөбе облысы - 4
  • Алматы облысы - 2
  • Атырау облысы - 3
  • Шығыс Қазақстан облысы - 245
  • Жамбыл облысы - 3
  • Батыс Қазақстан облысы - 13
  • Қарағанды облысы - 16
  • Қостанай облысы - 13
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 30
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 35.

Сонымен бірге 1 қарашада 114 адам коронавирустан жазылып шыққан. Жалпы ел бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны 106 514.

Айта кетейік, коронавирус өршіген Шығыс Қазақстан облысында эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында бүгін, 2 қарашадан бастап өңірде бірқатар шектеу шаралары күшіне енді.

Мәселен санитарлық бекеттерді қоя отырып, Шығыс Қазақстан облысына кіру және шығу шектеледі. Облыстың басқа қалалары/аудандары арасында халықтың қозғалысын сақтай отырып, Өскемен қаласының аумағына кіруге және шығуға тыйым салынады.

Өскемен қаласынан ұшып шығу, ұшып келу бойынша әуе рейстерінің саны азайтылады. Сондай-ақ өңірден әуе және темір жол көлігімен шығу үшін жолаушыдан коронавирустың теріс нәтижесі бар ПТР тесттен өткендігі туралы анықтама талап етіледі.

Сонымен қатар өңірдегі барлық мектептер онлайн форматқа ауыстырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882542-elimizde-tagy-442-adamnan-koronavirus-anyktaldy/