Елімізде радиолар мен телеарналар хабар таратуды бір күнге тоқтатады
Опубликовано:

Қазақстанда жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілуге байланысты бір күн теле және радиохабар тарату тоқтатылады деп хабарлайды "Қазтелерадио" акционерлік қоғамының ресми сайты.
Еліміздегі хабар тарату саласындағы ұлттық оператордың мәліметінше, 2020 жылдың 19 қарашасында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілмек.
Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген уақытта Қазақстанның барлық аумағында телерадиоларды ретрансляциялау уақытша тоқтатылатыны белгілі болды.
"Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшінқажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.
Ведомсво өкілдері уақытша қолайсыздықтар үшін ел тұрғындарынан кешірім сұрайды.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 2020 жылдың 19 тамызында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілген болатын.
Cонымен қатар, қазақстандық ғалымның 13 айлық күнтізбе жасап шығарғанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882562-elimizde-radiolar-men-telearnalar-habar-taratudy-bir-knge-toktatady/