Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да құрт сатып, зәулім үй салып алған оралдық отбасы көпшілікті тәнті етті

Опубликовано:

Құрт
Фото: Видеодан кадр/Хабар24

Батыс Қазақстан облысында еңбекқор отбасы құрт сатып, көл-көсір пайдаға кенелуде. Олар ата кәсіптің арқасында зәулім үй салып алған деп хабарлайды Хабар24 арнасы.

Телеарна мәліметінше, Сарықұдық ауылында тұратын Ниетқабыловтар жанұясы ауыл шаруашылығы өнімінен түскен қаражатқа күн көріп жүр. Отбасы мүшелері еш жерде жұмыс істемейді. Олар тіршілігі малмен байланысты екенін айтады.

Ниетқабыловтар қысы-жазы сиыр сауып, өнімін алады. Шаруаға балалар да қолғабыс қылып жүр, дейді отағасы. Оның сөзінше, айына 3 рет қалаға барып, құрт сатады екен. Ер адам сапарынан кем дегенде 100 мың теңге пайда тауып келетінін жасырмады.

"Қалаға бір барғанда 3-4 мың құрт апарамын. Күніне 200-300-дей құрт шығады. Көктемде сүт көп болады ғой. Сол кездерде тәулігіне 1000-ға жуық құрт өндіріледі. Кешке дейін отыратын да кезіміз болады", - дейді Дулат Ниетқабылов.

Сарықұдық ауылының тұрғыны 2019 жылдың 1 мамырында үй салуды бастағандарын, оның құрылысын 15 қарашада аяқтағандарын жеткізді.

"Газ, су – бәрі қосылды. Бұған дейін 15 жыл әке-шешемнің үйінде тұрдық", - деді ер адам.

Дулат Ниетқабылов сөз соңында жанұясының алға қойған жоспары ауқымды екенін атап өтіп, маңдай тер мол табысқа жетелейтінін тілге тиек етті.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Түрік сериалдарына киім тігіп жүрген қазақ азаматы туралы жазған едік.

Сонымен қатар, еліміздегі мүлде проблемасы жоқ ауыл жайлы ақпарат ұсынған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882575-bko-da-krt-satyp-zulim-j-salyp-algan-oraldyk-otbasy-kpsilikti-tnti-etti/

pixel