Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы тас жолда сүндет тойға орай көкпар ұйымдастырған (видео)

Жарияланған күні:

Көкпар
Көрнекі фото: talbesik.kz

Алматы облысында ауыл тұрғындары жол үстінде көкпар ұйымдастырған. Іс-шараның ұйымдастырушысы жауапкершілікке тартылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолдағы оқиға 1 қарашада болған. Бұл күні кезекші полиция бөліміне Алматы-Жандосов тас жолында көкпар өтіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бұл шараның ұйымдастырушысы Долан ауылының 38 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Бұған ат спорты шарасын ұйымдастыруға бес жасар ұлының сүндет тойы себеп болған.

Полицияның айтуынша, ер адам карантин шараларын күшейтілгені және халық жаппай жиналатын спорттық шараларға тыйым салынғаны туралы білген.

"Полиция дереу өрескел құқық бұзушылықты тоқтатып, шараның барлық қатысушыларын таратты, сонымен қатар осы аймақтағы жол жағдайын қалыпқа келтірді. Іс-шараның ұйымдастырушысы полиция бөліміне жеткізілді", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұйымдастырушыға қатысты әкімшілік кодексінің 434-бабы бойынша материал жиналып, ол санитарлық-эпидемиологиялық қызметке әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жіберілді.

Ер адам тәртіп бұзғаны үшін кешірім сұрады және ендігәрі мұндай әрекетке бармауға уәде берді.

Еске салсақ, куәгерлер Алматы-Бішкек тас жолымен келе жатқан ондаған шабандозды видеоға түсіріп алған. Видео желіде жарияланып, жылдам тарап үлгерген болатын.

Кейін Алматы облысының полициясы тас жолда "көкпар" тартқандар анықталып, жауапкершілікке тартылғанын мәлім еткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882657-almaty-oblysyndagy-tas-zolda-sndet-tojga-oraj-kkpar-jymdastyrgan-video/