Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында көмір тиелген 8 вагон рельстен шығып кетті

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Қарағанды облысында көмір тиелген 8 вагон рельстен шығып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкіліне сілтеме жасап.

Талғат Уалидің айтуынша, 2 қараша күні сағат 06:00-де Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Ботақара станциясы теміржол аралығының 27 шақырымындағы кірме жолдарында көмір тиелген 8 вагонның доңғалақ жұбы жолдан шығып кетіп, екеуі аударылып қалған.

Соның салдарынан 150 метр теміржол төсеміне зақым келгені белгілі болды. Ведомство аталған жағдай пойыздардың қозғалысына әсер етпегенін жеткізді.

Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта Разрез "Кузнецкий" ЖШС қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Еске салсақ, осыған дейін Оралда әйел адамды пойыз қағып кеткен болатын. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға Желаев жолы мен Ружейников көшесі қиылысындағы теміржол өткелінде болған.

Оған қоса, Қызылордада теміржолды кесіп өтпек болған 26 жастағы жергілікті тұрғынды "Қызылорда-Петропавл" жолаушылар пойызы басып кеткен. Соның салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882668-karagandy-oblysynda-kmir-tielgen-8-vagon-relsten-sygyp-ketti/

pixel