RU

БҚО-да жоғалып кеткен қызды үш күннен бері іздестіріп жатыр (фото)

Қыз бала1
Көрнекі фото: piqsels.com

Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен 15 жастағы қыз баланы жақындары іздестіріп жатыр. Ол 30 қазан күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының таратқан ақпаратқа сәйкес, жоғалған қыздың аты-жөні Ирина Ластовкина. Ол 30 қазан жұма күні түнгі сағат 22.30-да Подстепное ауылындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері қыз баладан ешқандай хабар жоқ.

Белгілері: бойы 165 см, арықша келген. Басында тоқылған ақ жазуы бар қара түсті бас киім, үстіне қара-сұр түсті куртка, қара джинси шалбар, қара кроссовка киген.

Өзімен бірге Samsung маркалы ұялы телефонын ала шығыпты.

Қандай да болсын ақпарат болған жағдайда 102 телефон нөміріне немесе мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:

Теректі аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімі 8 (711 32) 21-2-49, 21-2-43 және 8 (711 2) 51-04-50, 92-10-26.

Еске салсақ, Қостанай облысында 20 жастағы жігітті жақындары 12 күннен бері іздеп, таба алмай жатқаны туралы жазған едік.

Сонымен қатар, Түркістан облысында із-түзсіз жоғалып кеткен келіншектің денесі 20 күннен кейін Мақтаарал маңындағы қамыстың арасынан табылғанын жазған едік. Жабайы аң-құстар әбден талап тастаған денені туыстары әрең таныпты. Алайда криминалистер келіншектің адам қолынан өлгенін анықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882679-bko-da-zogalyp-ketken-kyz-balany-s-knnen-beri-izdestirip-zatyr-foto/