RU

COVID-19 жұқтырғаны үшін дәрігерлерге айыппұл салынатыны рас па

Дәрігер1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Астаналық дәрігер әлеуметтік желіде қазақстандық дәрігерлерге коронавирусты жұқтырғаны үшін ірі көлемде айыппұл салынады деген хабарлама жариялады. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті ақпаратқа түсініктеме берді.

Дәрігердің Facebook-тегі парақшасынан жазбаның скриншотын және ведомствоның түсініктемесін Stopfake.kz ресми сайты жариялады.

Медицина қызметкерінің жазуынша, таңертеңгілік жоспарлау жиналысында эпидемиолог "жаңа тәртіпті түсіндіріпті". Онда санитарлық-эпидемиологиялық режимге бағынбайтын және коронавирус жұқтырған дәрігерлерге 880 мың теңге айыппұл салынатын көрінеді.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің өкілі Ержан Байтанаев жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіндігін айтты. Денсаулық сақтау министрлігі де, ТҚСҚБ да мұндай шешімдер қабылдаған жоқ. Байтанаев жазбаны жариялаған дәрігермен жеке сөйлескенін жеткізді.

"Қазір Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселе бойынша шаралар қабылдап жатыр. Мен бізде мұдай заңдар жоқ екенін және болмайтынын анық айта алмаймын. Біз үшін әр дәрігер қымбат", – деді ведомство өкілі.

Еске салсақ, 21 қазанда денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 жұқтырған медицина қызметкерлеріне берілетін төлемнің тоқтатқан болатын.

Оған қоса, мәжіліс депутаты Азат Перуашев палатаның жалпы отырысында елдің премьер-министрінен жұмыс орнында коронавирус жұқтырған жағдайда дәрігерлерге берілетін 2 млн теңге мен вирустан қайтыс болғандарға төленетін 10 млн теңге төлемді қайтаруын сұраған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882685-covid-19-zktyrgany-sin-drigerlerge-ajyppl-salynatyny-ras-pa/