Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ПТР зертханаларының алдында дүрбелең": ШҚО-дағы жағдай жұрттың жағасын ұстатты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Өскемен және Семей қаласында ПТР сынамасын тапсырушылардың қарасы күн сайын артып жатыр. Жергілікті тұрғындар зертхана алдында кезек күтуге мәжбүр екендеріні айтып дабыл қақты. Олапдың топтасып тұрған сәттері әлеуметтік желілерде кеңінен тарауда. Осыған қатысты облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті пікір білдірді деп хабарлайды Алтайньюс.

Тұрғындар облыстың бас мемлекеттік санитар-дәрігерінің жаңа қаулысындағы 2 қарашадан бастап ШҚО-дан пойызбен немесе ұшақпен шығатын барлық жолаушылар үшін ПТР-талдау туралы анықтама қажет деген тармақты негізге алғандарын жеткізген.

Сол себепті тест тапсырушылар саны артып, ажиотажға айналды, дейді олар.

Одан бөлек, бүгін тұрғындардың талдау нәтижелерін уақтылы ала алмағандарын айтып, әлеуметтік желілерде видео жария еткені белгілі болды.

Осы орайда тиісті мекеме аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Департамент қызметкерлері дереу іске кірісіп, мәселені бір жақты етті. Содан кейін ұзын-сонар кезек қысқарды. Ертеңнен бастап «Облыстық репродуктивті медицина орталығы» мен «InVitro+» зертханалары COVID-19-ға материал алу үшін қосымша пункттер ашады" – деп мәлімдеді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, өткен тәулікте Елімізде тағы 442 адамнан коронавирус анықталған болатын. Олардың 245-і Шығыс Қазақстан облысының аумағында тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882693-ptr-zerthanalaryny-aldynda-drbele-sko-dagy-zagdaj-zrtty-zagasyn-statty/

pixel