jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Павлодар облысында полицей көз жұмған учаскелік бөлім ең үздік деп танылды

    Полицей1
    Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Павлодардағы Усоль шағынауданындағы полиция бөлімшесі Ішкі істер министрлігінің басшысынан жаңа қызметтік автокөлік алды. Байқау қорытындысы бойынша бөлімше облыста үздік деп танылды. Айта кетерлігі, 2015 жылы дәл осы бөлімшеде учаскелік полиция қызметкері қайтыс болған, оған пышақпен шабуыл жасалған болатын. Шабуылшы қызметтік қаруды ұрламақ болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Үздік учаскелік полиция бөлімі байқауы жыл басында жарияланған болатын. Әр облыста жеңімпаздар анықталды, бас жүлде – жаңа автокөліктер. Үздік учаскелік офицерлер де анықталды.

    Павлодар облысында 10 жыл бойы тәртіп сақшыларының қатарында қызмет етіп жүрген Арман Рахметов осы атаққа лайықты деп танылды. Полиция қазір учаскелік полиция қызметкерлері әр тұрғынмен жұмыс жасауға ден қойғанын айтты.

    Міндет – дерекқорда есепке алынғандар ретінде көрсетілген 10-15 пайызды ғана емес, барлық тұрғынды қамту. Тәртіп сақшыларына бейнебақылау көмектеседі. Усоль пунктінде қызметкер қайтыс болғаннан кейін шаралар күшейтілген.

    "Бұл бөлімшедегі қылмыс ізін суытпай ашылды. Біз полиция қызметкерінен айырылдық. Содан бері жағдай жақсарды. Кіреберісте, жұмыс кабинеттерінде қосымша камералар орнатылды. Біз олардың қалай жұмыс істейтінін, ондағы жағдайды онлайн режимінде көре аламыз", – деді Павлодар облысы ДП бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

    Еске салсақ, Павлодарда екі азамат әскери қызметкердің көзін жарақаттады. Оқиға 1 қараша күні сағат 19:25-те Қайырбаев көшесінде орналасқан кафеде болған.

    Оған қоса, Павлодарда Малайсары батыр көшесіндегі үйдің подъезінде ер адам қызға шабуыл жасап, қолындағы пакеттерін беруін талап еткен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.