Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда 18 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Опубликовано:

Серік Мухин
Серік Мухин. Фото: отбасылық мұрағат

Оралда әскери қызметкерлер, полицейлер мен еріктілер 18 жастағы Серік Мұхинді іздеп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

18 жастағы Серік Мұхиннің туыстары оның кенеттен жоғалып кетуіне алаңдаулы.

"Ол бүгін таңғы сағат 7.30-да үйден шығып кетті. Бір күн бұрын жабырқаулы күйде болды, ол үшін қатты алаңдап отырмыз. Кетерде ол өзімен бірге телефон, ақша және құжаттарын да алмаған. Қазір бүкіл отбасымызбен іздеп жатырмыз, полицияға жүгіндік, қатты алаңдаулымыз", – дейді жігіттің ағасы.

Серік Мұхиннің белгілері: бойы 185 сантиметр, дене бітімі арық, қара шашты, аққұба келген, көзілдірік киеді.

БҚО полиция дептарментінің баспасөз хатшысы Болатбек Белгібековтің айтуынша, жас жігітті полиция жасақтары, жедел қызметтің сарбаздары мен еріктілер іздеп жатыр.

"Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Барлығы жертөлелер, тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар, орман және қала, оның төңірегіндегі басқа жерлерді қарап жатыр. Әзірге нәтиже жоқ, бірақ полиция жұмысын жалғастыруда", – дейді Болатбек Белгібеков.

Серік Мұхиннің туыстары оны көргендер болса + 7 775 408 35 19 немесе 102 телефонына хабарласуын сұрайды.

Еске салсақ, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында 15 жастағы жасөспірім қыздың жоғалып кеткенін хабарлаған едік.

Сонымен қатар Қостанай облысында 20 жастағы жігітті жақындары іздестіріп жатқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882709-oralda-18-zastagy-zigit-iz-tzsiz-zogalyp-ketti-foto/

pixel