RU

Елордалық ана дамуында ауытқуы бар ұлын жанұшыра іздеуде (фото)

Назар Армин2
Назар Армин. Кадр: Астана арнасынан

Нұр-Сұлтанда 1 айдан бері Назар Армин есімді 24 жастағы жігіт табылмай жатыр. Анасының айтуынша оның дамуында ауытқуы бар. Жас жігітті полиция ғана емес, еріктілер де іздестіруде деп хабарлайды Астана арнасы.

Өзін қоярға жер таппай жүрген анасының айтуынша, Назардың 14 жасынан бастап тағдыры өзгерген. Қол-аяғы сау болғанымен дамуы тежелген.

Әжесі дүниеден өткен соң, немересі еліс кезіп кетті дейді. Талай мәрте психологиялық орталықтарға барғанмен, ешбірінен көмек болмаған. Анасы ұлының қазір істеп жүрген әрекетіне де жауап бере алмайтынын жеткізді.

"Ұлым 2-ші топтағы мүгедек. Оған ерекше күтім қажет. Талай рет шетелдік мамандарға жүгінгеніммен, еш нәтиже болмады. "Психикалық орталыққа жатқызып кет" деп айтқандарда болды. Бірақ, мен баламды тастамаймын. 24 сағат қасында болмасам да, арнайы мамандардың көмегіне жүгініп келемін", - дейді Назар Арминнің анасы Саида.

Саида ұлымен шетелде тұрады. Қазақстанға қазан айының басында жұмыс бабымен келген. Ұлын дәрігерге қаратып алмақшы болған. Мұны сезіп қалған болса керек, баласының үйден қашып кеткенін айтады. Не жылы киімі, не аяқ киімі жоқ Назар екінші қабаттан секіріп кетіпті. Содан бері одан хабар жоқ.

Назар1
Назар Армин. Кадр: Астана арнасы

"Қашып кететін әдеті бар еді. Бірақ, бұлай ұзаққа емес. Ары кетсе, 3-4 күнде тауып алатынбыз. Көбіне әжесін сағынып, соның бейітінің жанынан, болмаса балалық шағын өткерген аудандардан тауып жүргенбіз. Бірақ, бұл жолы табылмай жатыр. Күн болса, суытып барады. Ал ұлымның қандай жағдайда жүргенін білмеймін. Бір білетінім, ол тірі. Жүрегім сезеді", - дейді Саида.  

Саида ұлы қашып кеткен күні бірден полицейлерге хабар берген. Іздестіру-құтқару жасағы бүкіл қаланы жаяу да, ұшақпен де кезіп көріпті. Алайда әзірге нәтиже жоқ.  

"Бір әйел азамат, полицияға қоңырау шалды. Осы жоғалған азаматтың түр-тұлпатына ұқсас адамды көргендігі жайында. Қазірде ол әйелден жауап алынды. Бірақ оқиға орнында тапқан жоқпыз. Әрі қарайғы іздестіру шаралары жүріп жатыр", - дейді Нұр-Сұлтна қаласы Полиция дептарментінің баспасөз жетекшісі Эльмира Шәуленова.

Шарасыз анаға еріктілер де қол ұшын созуда. Арнайы топтың жетекшісі іздестіру жұмыстарын тағы да жеделдетуге бірнеше адам атсалысса дейді.

"Бейнебақылаудан көргеніміз бойынша, Назар Республика көшесінен Жағалау шағын ауданына қарай кеткен. Әрі қарай қайда беттегені белгісіз. Әзірге командамызда 20 шақты ерікті бар. Бізге тағы адамдар керек. Әсіресе, дрон техникасы бар жандар көмекке келсе деп едік. Себебі, қаланы бірнеше рет әуемен шарлап көру қажет", - дейді "Qanat" волонтерлік ұйымының жетекшісі Бибігүл Әшірова.

Із-түзсіз жоғалған Назардың анасы, ұлын көрген жандар болса 8702-759-94-47, 8775-160-00-28 байланыс нөміріне хабарласуын сұрайды.

Ерекше белгілері: Арықша келген, шашы мен көзі қарақоңыр, оң жақ бетінде меңі бар.

А. Мүтәлі

Айта кетейік, бұған дейін Оралда 18 жастағы жас жігітке, Батыс Қазақстан облысында 15 жастағы жасөспірім қызға іздеу салынғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882719-elordalyk-ana-damuynda-auytkuy-bar-lyn-zansyra-izdeude-foto/