RU

Венада белгісіз біреулер оқ жаудырды: 1 адам қаза тауып, 15 адам жарақат алды (видео)

Теракт
Фото: РИА Новости / © Ronald Zak

Кеше, 2 қараша күні кешке белгісіз біреулер Венадағы синагога маңында оқ атты. Бір адам қайтыс болып, 15 адам жарақат алды. Ел билігі бұл шабуылды "теракт" деп атады.

РИА Новостидің австриялық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, кем дегенде 50 оқ атылған. Он бес адам Венаның ауруханаларына жеткізілді, олардың көпшілігі оқ жарақаттарымен түскен.

Куәгерлер қылмыскерлердің бірі мейрамхананың жазғы верандаларында отырған адамдарға оқ атқанын айтады. Атыс болғаннан кейін зәресі ұшқан адамдар жасырынуға асығады, кейбіреулері жеке үйлерге кіріп, сол жерде оқтан қорғанып үлгерген.

Австрия ішкі істер министрлігінің басшысы Карл Нехаммер түнде бұл жайтқа қатысты мәлімдеме жасады.

"Біз әлі де жалғасып жатқан террористік актінің куәсі болудамыз. Біз қылмыскерлердің бірнеше екенін және олар жақсы қаруланған әрі қауіпті екенін анықтап отырмыз", - деді министр.

Нехаммер Вена тұрғындарын үйлерінен көшеге шықпауға шақырды.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін біз АҚШ-тың Мэриленд штатының тұрғыны президент Дональд Трамптың жақтастарына оқ атқанын жазған едік.

Одан бөлек, Алматы облысында 21 жастағы жігіттің басына оқ тигенін жазған болатынбыз. Полицейлер қарудан оқ атқан бұзақыны ізін суытпай ұстады.

Сонымен қатар, Ақтауда оққа ұшыраған азамат қылмыс серкесі әрі "Төрт ағайынды" мүшесі болып шықанын жазғанбыз. Қан-жоса болған ер адам ауруханаға жеткізілген. Алайда ол ота жасау үстінде тілге келместен қаза болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882734-vena-ortalygynda-belgisiz-bireuler-ok-zaudyrdy-1-adam-kaza-tauyp-15-adam-zarakat-aldy-video/