RU

Венадағы теракт: Қаза тапқандардың саны өсті (видео)

Вена көшелеріндегі полиция
Оқиға орны. Фото: Michael Gruber/Getty Images

Австрияның ішкі істер министрлігі Венадағы теракт кезінде қаза тапқандардың саны өскенін хабарлады. Бұған дейін тек бір адамның өлімі туралы айтылған болатын.

РИА Новости Австрияның ІІМ-не сілтеме жасай отырып, террористік шабуыл нәтижесінде бірнеше адамның көз жұмғанын хабарлады. Оқиға құрбандарының нақты саны әзірге айтылмай жатыр.

Бұған дейін 15 тұрғынның зардап шеккені мен бір адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.

Министрлік басшысы Карл Нехаммер полиция шабуыл жасаған бір азаматтың көзін жойғанын жеткізді. Тағы бір қылмыскер қашып жүр. Қазіргі таңда оны іздестіру жұмыстары белсендітүрде жүргізілуде.

Қала тұрғындары мен қонақтарға әлі де үйден шықпауға кеңес берілді.

Венада жүрген Ресей азаматшасы Life Shot Telegram-арнасына сұхбат беріп, қайғылы оқиға күні не болғанын айтып берді. Бойжеткеннің сөзінше, үшінен бастап мемлекетте локдаун енгізілгелі жатқандықтан, екінші қараша күні Вена көшелерінде аса көп адам болды. Шабуыл жасағандар алдынан шыққандардың барлығын ата берген. Адамдар подъездерде тығылды.

Экстермистердің ақпараттық белсенділігін тексеретін америкалық SITE Intelligence Group компаниясы джихадтықтар терактқа өз қатысы бар екенін мәлімдегенін хабарлады. Кмпания мәліметінше, теракт Австрияның ИГ-ге қарсы коалицияға қатысқаны үшін есе қайтарудың бір бөлігі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882748-venadagy-terakt-kaza-tapkandardy-sany-sti-video/