RU

"Мені түзей алмайсыздар!": БҚО-да сотталушы бұрынғы әйелін қорқытуды жалғастыруда

Сот отырысы
Сот залы. Фото: NUR.KZ

Бір күн бұрын Оралда кепілге алу туралы шулы іс бойынша сот үкімі шыққан еді. Ер адамға бірден бірнеше қылмыстық бап бойынша айып тағылды, соның ішінде азаптау мен зорлау бар деп хабарлайды КТК арнасы.

Айыпталушы 13 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын максималды қауіпсіз мекемеде өтейді. Алайда ол сот үкіміне наразы болып, бұрынғы әйеліне қарсы қоқан-лоққыларын жалғастырды.

Орал тұрғынының өз әйелін кепілге алған оқиғасынан кейін бір жылдай уақыт өтті. Әйелді босату үшін 6 сағаттан астам уақыт қажет болды. Ер адам қамауға алынды, бірақ ол осы уақыт ішінде Ираида Ислямгалиеваға қоқан-лоққы көрсетіп келген. Үкім шығару кезінде бұл әрекет көрініс тапты. Сотталушы сот залында не болып жатқанын тергеу изоляторынан бейнебайланыс арқылы бақылаған. Сұрақтарыңыз бар ма деп сұрағанда, ол: "Өл, оңбаған!".

Микрофонды өшіруге мәжбүр болды.

Жәбірленушінің сенімді өкілі Тамара Сәрсенова айыпталушының басқа да қауіпті әрекеттері туралы айтты.

"Ол әйелінің түбіне қалай жететінін, оны баяғыда-ақ өртеу керек екенін айтты: "Арнайы жасақ сені мәңгілік қорғамайды, мен сені тауып, түбіңе жетемін". Яғни, әрқашан осындай қоқан-лоққы көрсеткен. Бұл адам өлтіремін деп тікелей қауіп төндіру. Бұл жағдай өз әрекеттері үшін еш өкінбегенін білдіреді. Ол мұны сотта да ашық айтты: "Мені түзете алмайсыздар! Мен түзелмеймін",– деп түсіндірді адвокат.

Дереккөз: КТК арнасы

Еске салсақ, 2019 жылы 28 қараша күні Орал қаласында ер адам бұрынғы әйелімен жанжал кезінде оны кепілге алып, есікті іштен жауып алғаны туралы хабарлаған едік.

Полициямен екі сағатқа созылған келіссөз жүргізу нәтижесінде азамат жәбірленушіні босатты.

Кейін ол екі айға қамауға алынған болатын. Сондай-ақ ер адам зорлау бабы бойынша күдікке ілінген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882786-meni-tzej-almajsyzdar-bko-da-sottalusy-bryngy-jelin-korkytudy-zalgastyruda/