RU

Қостанайда балалары мен өзін пышақтаған әйел сотталып кетті

Пышақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Қостанайда балаларын, содан кейін өзін пышақпен жарақаттаған әйелге үкім шығарылды. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қостанай бейімдеу орталығының бұрынғы тұрғыны алты ай қамауда болды. Оның балалары балалар үйіне көшуге мәжбүр болды. Әйел 3 жасар қызы мен тіпті 2 жасқа толмаған ұлын өлтірмек болды деген айыппен жауапқа тартылды. Алайда, іс қайта қаралды. Нәтижесінде ол денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша сотталды.

Оқиға 15 сәуірге қараған түні әйелдер мен балаларға арналған бейімдеу орталығында болған.

Оқиға орнына келген жедел топ пышақ жарақатын алған екі баланы және қансырап жатқан ананы көрген. Барлығы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Өз-өзіне қол жұмсауға апару фактісі бойынша да қылмыстық іс қозғалды, бірақ кейін ол тоқтатылды.

Үкім қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жарияланды. Әйел қылмыстық кодексінің 106-бабы, 2-бөлігі, 1, 3, 11-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, Рудный қаласында 22 қыркүйекте сағат 03.38 шамасында И.Франко көшесінде өз пәтерінен зорлық белгілері бар қарт әйелдің денесі табылғаны туралы жазған едік. Белгілі болғандай, 89 жастағы әйелдің денесінде жарақаттар бар. 63 жастағы ер адам анасын өлтірді деген күдікке ілінген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882803-kostanajda-balalary-men-zin-pysaktagan-jel-sottalyp-ketti/