Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Біртанов қамауға алынды: Экс-министрге қандай айып тағылды

Опубликовано:

Елжан Біртанов
Фото: Хабар 24

Денсаулық министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов аса ірі көлемдегі ақшаны ысырап еткен деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Сот Біртановқа қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды", - делінген комитеттің хабарламасында.

Еске сала кетейік, Елжан Біртанов 25 маусымда денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылған болатын. Тиісті қаулыға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Экс-министр денсаулық жағдайына байланысты жұмыстан босату туралы өзі өтініш жазған болып шықты.

Оған қоса, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Онда экс-министр интеграциялық платформаны сатып алуға бөлінген 526 млн теңгеден аса бюджет қаржысын жымқырған деген күдікке ілінгені хабарланған.

Тарап кеткен хабарламада Елжан Біртановты Нұр-Сұлтан қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамағаны туралы айтылған.

Айта кетейік, Біртановтың орнына оның бірінші орынбасары болған Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882812-birtanov-kamauga-alyndy-eks-ministrge-kandaj-ajyp-tagylyp-zatkany-belgili-boldy/

pixel