Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда бұзақылар "велосипедшінің" басын кесіп кетті

Опубликовано:

Велосипедші
Фото: Instagram

Қарағанды полициясы саябақта орналасқан мүсіндерді қиратып кеткен бұзақыларды іздестіріп жатыр деп хабарлайды zakon.kz.

"Өткен түнде Қарағандыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында бұзақылар сұлулық үшін орнатылған фигураларды сындырып кетті. Салауатты өмір салтын бейнелейтін велосипедші бейнесінің басын жұлып кеткен. Жануарлардың фигураларының тас- талқанын шығарған.

Ал тас төсемдер бұзылған, кесектері көлге тасталған. Әдемілікті құртудың қажеті не? Бұл көңілді ме? Бұзақылар, егер сендер оқып отырсаңдар, өмірлерің жайлы ойланыңдар", - деп жазылған patriotkaragandy видеосының астында.

Өңір полициясы аталған факті бойынша оқиға тіркелгенін мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта полиция қызметкері кінәлілерді анықтау және ұстау бойынша шаралар жүргізіп жатыр",- делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қарағанды облысында көмір тиелген 8 вагон рельстен шығып кетті.

Талғат Уалидің айтуынша, 2 қараша күні сағат 06:00-де Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Ботақара станциясы теміржол аралығының 27 шақырымындағы кірме жолдарында көмір тиелген 8 вагонның доңғалақ жұбы жолдан шығып кетіп, екеуі аударылып қалған.

Соның салдарынан 150 метр теміржол төсеміне зақым келгені белгілі болды. Ведомство аталған жағдай пойыздардың қозғалысына әсер етпегенін жеткізді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта Разрез "Кузнецкий" ЖШС қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882814-karagandyda-bzakylar-velosipedsini-basyn-kesip-ketti/

pixel