RU

Даниал Ахметов ШҚО-дағы ПТР тестілеу жағдайын "жүгенсіздік" деп атады

Даниал Ахметов
Даниал Ахметов. Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семейге барды. Аймақ басшысы өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында ПТР зертханаларының жұмысы туралы пікірімен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде Семей мен Өскемендегі коронавирустық тестілеу пункттеріндегі ұзын-сонар кезектердің видеолары пайда болды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің айтуынша, өкінішке қарай, бүгінде жеке ПТР зертханалары сапасыз жұмыстар жүргізіп, нормативтік мерзімдерді бұзған фактілер бар. Тест нәтижелері бір күн емес, бір айдан астам уақыт бойы дайындалады. Бұл, әрине, тұрғындар тарапынан наразылық тудырады. Сондықтан билік 5 ПТР зертханасын сатып алу туралы шешім қабылдады.

Атап айтқанда, оның бірі 10 қарашада Семей қаласының жедел жәрдем ауруханасында іске қосылса, №2 жұқпалы аурулар ауруханасындағы модульдік кешен 20 қарашаға дейін дайын болады. Өскемен қаласының №4 ауруханасындағы жұмыс 7 қарашада аяқталады.

"Біз мұндай жүгенсіздікке шыдай алмаймыз, өйткені бүгінде қуаттылығына қарамастан жекеменшік зертханаларда ұзын-сонар кезек бар. Мен зертханаларға лицензия берген, бірақ оларды мүлдем бақыламайтын ТҚСҚБ-ның тиімсіз жұмысын атап өтемін. Департамент республика бағынышында болғандықтан, тиісті органдар бақылауды күшейтеді деп сенемін", – деді Даниал Ахметов.

Еске салсақ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов перзентхананың жөндеу жұмыстарын уақытылы бітірмеген мердіер компанияны сотқа бермек болғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882823-danial-ahmetov-sygys-kazakstandagy-ptr-testileu-zagdajyn-zgensizdik-dep-atady/