RU

Күннің суытуы коронавирусқа қалай әсер етеді

Індет
Көрнекі фото: pixabay.com

Коронавирус инфекциясы төмен температурада жойылмайды. Күн суық болған кезде вирус қатып қалады, алайда жылы ортаға түскенде қайтадан күшейеді деп жазады РИА Новости.

Ресейлік инфекционист, вакцинолог Евгений Тимаков температура неғұрлым төмен болса, вирус сыртқы ортада соғұрлым ұзақ сақталады, деген пікірде. Оның сөзінше, қатып қалған уақытта вирус белсенді болмайды, бірақ жылы болған кезде қайта жанданады. Барлық инфекция осылай әрекет етеді.

Бұл пікірмен вирусолог, медицина ғылымдарының докторы Анатолий Альтштейн де келісетінін жеткізді. Білікті маман вирустардың ешқашан суықтан өлмейтінін, минус 196 градуста да, минус 20 градуста да жақсы сақталатынын тілге тиек етті.

Альтштейннің айтуынша, күннің суытуы адамдардың иммунитетін төмендетуі мүмкін. Ол аурудың таралуына да әсер етеді.

"Суық ауа коронавирус инфекциясының таралуына әсер етеді, себебі салқын болған сайын адамдар терезені жауып, аз желдетеді. Көшеге қарағанда үй-жай ішінде көбірек уақыт өткізеді. Осыған байланысты вирус адамдармен тығыз қарым-қатынас кезінде желдетілмеген жерде таралады", - деп түсіндірді Тимаков.

Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте елімізде коронавирус жұқтырған 449 адам тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882824-knni-suytuy-koronaviruska-kalaj-ser-etedi/