Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Америкадағы сайлау: Дауыс беру ресми түрде басталды

Опубликовано:

АҚШ
Көрнекі фото: Ашық дереккөз

АҚШ-та болашақ президентке дауыс беру ресми түрде басталды. Мемлекет басшысы лауазымына республикалық Дональд Трамп пен демократ Джозеф Байден кандидат болып отыр.

3 қараша - АҚШ сайлауының күні. Негізгі кандидаттар Джо Байден мен Дональд Трамп жеңіске бірдей мүмкіндікке ие болып отыр. Қос кандидаттың сауалнама нәтижелері шамамен бірдей. Айта кету керек, жеңіске жету үшін Трамп пен Байденге сайлау алқасы сияқты америкалықтардың дауысын жинау маңызды емес.

Президенттік сайлауда жеңіске жету үшін кандидатқа 538 алқа мүшесінің 270-інің қолдауы керек. BNO News агенттігінің хабарлауынша, Трамп Миллсфилд сайлауында жеңіске жеткен.

АҚШ-тағы сайлау "жеңімпаз бәрін алады" ұстанымымен өтеді. Штатта көп дауыс жинаған кандидат автоматты түрд аталған штаттың барлық сайлаушысының қолдауын алады.

Айта кетейік, АҚШ президенті сайлауының қорытынды дауыс беру қарсаңында Дональд Трамп пен Джо Байден Twitter парақшаларында сөз айтысты. Олар тағы да бір-бірін айыптауды бастаған.

АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп мен Джо Байден дауыс беруден бірнеше сағат бұрын әлеуметтік желіде "соғыс" ұйымдастырды.

"Джо Байден ірі технологиялармен, ірі БАҚ және елеулі тұлғалармен бай. Олар Байденнің ұтқанын қалайды, себебі олар Байденге ие, оны бақылайды, бұйрықтарын орындайды дегенге сенді", - деді Трамп.

Ал Байден өзін Скрэтонннан үміткер ретінде таныстырды. Ол Пенсильаания штатында туған.

"Трамп күллі әлемді Авеню-парктен көреді",- деді ол желіде.

Джо Бейден президентті Манхэттендегі жылжымайтын мүлік магнаты деп атады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1882825-amerikadagy-sajlau-dauys-beru-resmi-trde-bastaldy/

pixel