Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шымкентше күтіп аламыз": Алматыда бұғы қанымен емдейтіндер елді таң қалдырды

Опубликовано:

тау бұғысы
Көрнекі фото: pexels.com

Қытай мен Ресейде кеңінен қолданылатын марал қанымен емдеу әдісі елімізде де кеңінен тарала бастады. Ден саулығын реттеп, ерлер мен әйелдерге де оң әсерін тигізетін бұл әдіске өнер жұлдыздары да қызыға бастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұғы қаны қосылған панто ванналар жүрек пен қан тамырлары ауруларына, гипертониялық сырқаттарға, жүйке жүйесіндегі өзгерістерге, остеохондроз, радикулит сынды талай ауруға ем. Алайда, аталған ваннамен емделудің пайдасы орасан екенін ел тұрғындары біле бермейді. Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай ең алдымен ерлер мен әйелдердің жыныстық денсаулығы үшін бұғы қаны қосылған панто ваннаның көмегі орасан екенін айтады.

"Бұрынғыдай сексенге, тоқсанға келіп бала таптыратын ешкім жоқ қазір. Ер азаматтарымыз тура мағынасында ат үстінде жүрген жоқ. Сондықтан, халық санын көбейту үшін, ұлан-байтақ жерге ие болу үшін бізге ерлердің де, әйелдердің де денсаулығының дұрыс болғаны жақсы. Бұған панто ванна таптырмайтын ем. Сол мақсатта "Аламан" панто ваннасын аштық. Мұнда келушілер бұғы қаны қосылған ванна қабылдап, бұғының етінен қуырдақ жеп, бетіне түрлі маскалар жасайды. Бұғы қаны әу бастан ерлердің денсаулығына пайдалы екенін білеміз. Әсіресе, төсектегі белсенділігін арттырады. Ал әйелдердің босанғаннан кейін жатырын тарылтуға аталған ваннаның әсері зор", - дейді ол.

Бүгінде аталған емге қызығушылық танытып жатқандар санында шек жоқ. Олардың қатарында танымал эстрада жұлдызы Роза Рымбаева да бар.

"Панто ванна қабылдап, массаж алып, маска алып, денсаулығымызды реттеп, қайтып барамыз. Мұның пайдасы зор екеніне сенімдімін", - дейді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882832-symkentse-ktip-alamyz-almatyda-bgy-kanymen-emdejtinder-eldi-ta-kaldyrdy/

pixel