Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қабырғаны скочтап қойдық": Ақтөбеде жетім балаға берілген үй құлағалы тұр (фото)

Опубликовано:

Үйдің қабырғасы
Фото: NUR.KZ

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қосестек ауылынан мемлекеттік бағдарламамен үй алған Евгений Перов отбасымен қабырғалары жарылып, құлауға шақ қалған баспанада тұруға мәжбүр екенін айтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жетім бала статуcымен баспанаға әрең дегенде қол жеткізген отбасы енді кімнен көмек сұрарын білмей дал.

Айтуларынша, отбасыға берілген баспана жаңа үй болғанымен құрылысы сапасыз. Жатын бөлмедегі жарылған қабырғадан ас бөлмені көруге болады. Үйдің саңлауларынан жел улеп әбден шаршаған жас отбасы қабырғадағы жарықтарды скочпен бітеп амалдап отыр.

Қабырға
Фото: NUR.KZ

"Жолдасым жетім бала болғандықтан мемлекеттік бағдарламамен кезегіміз келіп, 2017 жылы Қарғалы ауданы Қосестек ауылынан үш бөлмелі баспана берді. Біз қатты қуандық. Әкімдік 2-3 айдан кейін шақырып, бізге тек 69,1 шаршы метр болатын баспананың тиесілі екенін ескертіп, үйге жолдасымның інісі мен қарындасын тіркеу керектігін айтты. Біз келістік. Кейін інісі мен қарындасын баспана кезегінен шығарып тастады. Бірнеше рет көмек сұрап өтінгеннен кейін қарындасын ғана тіркеуден алды. Қазір ол қалада баспана кезегіне тұрды", – дейді Ирина Якоб.

Әкімдік үйдің құжатын отбасыға үш жылдан кейін ғана берген. Жаңа үйге кірген отбасының қуанышы ұзаққа созылмады. Тұрғын үйге су құбырлары жүргізгеннен кейін қабырғалар жарыла бастаған. Барлық бөлмеде жарық бар.

Қабырға
Фото: NUR.KZ

"Кейін тағы қиындықтар басталды. Әкімдік бізге құжаты жоқ үйге ай сайын 7877 теңге төлеп тұруымыз керектігін айтты. Үйдің құжаттары тек 2020 жылдың қыркүйегінде берілді. Біз оған дейін отбасымызбен көршінің үйінде тіркеліп тұрдық. Құжат берілгеннен кейін әкімдік төлемді талап етіп, сотқа да жүгінді.

Олар сот процесінде жеңіске жетті. Бізге қарызды төлеуге үш ай уақыт берілді. Бізге не істеу керек? Тұрған үйіміз апаттық жағдайда. Қабырғаның жарылған жері уақыт өткен сайын ұлғайып барады. Скочпен жапсырып қойдық. Бір күні қабырғаның астында қаламыз ба деп қорқамыз", – дейді көмек сұраған отбасы.

Жағдаймен таныс екендерін айтқан аудандық әкімдік кемшіліктерді жоюға уәде береді.

"Қазіргі уақытта жалдамалы және коммуналдық ғимаратты тексеру үшін сараптама ұйымы шақырылды. Үй "жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" санаты бойынша берілді. Тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою үшін мердігер ұйым, құрылыс салушы шақырылады. Тұрғын үй коммуналдық жалдамалы болғандықтан оны тек 10 жылдан кейін өз атына аудара алады. Оған дейін олар коммуналдық төлем ақыны өтеп тұруға тиіс", – дейді Қарғалы аудандық әкімдік өкілі Азамат Өтегенов.

Еске салсақ, Отандастар қорының жанындағы қоғамдық комиссияның отырысында сенатор Мұрат Бақтиярұлы қандастарға берілген үйлерді сынап тастаған болатын.

Оған қоса, "Шаңырақ" бағдарламасымен баспаналы болған Алматы тұрғыны қиындықтар жайлы айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1882865-kabyrgany-skoctap-kojdyk-aktbede-zetim-balaga-berilgen-j-klagaly-tr-foto/

pixel