Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Австрияда үш күндік аза тұту жарияланды

Опубликовано:

Теракт
Фото: РИА Новости / © Ronald Zak

Австрия үкіметі сейсенбіден бейсенбіге дейін Венадағы атыс салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендерге байланысты үш күндік аза тұтуды жариялау туралы шешім қабылдады деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Бұл ақпаратты Австрияның баспасөз агенттігі (APA) растады. Шешім бүгін министрлер кабинетінде қабылданған.

Осыған сәйкес, Федералды мекемелердегі Австрия Республикасының мемлекеттік тулары түсірілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қараша күні кешке белгісіз біреулер Венадағы синагога маңында оқ атқан. Салдарынан бірнеше адам қайтыс болып, 15 адам жарақат алды. Ел билігі бұл шабуылды "теракт" деп атады.

Кейбір мәліметтерге сүйенсек, жиһадшылар шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алған. Олар бұл оқиғалар Австрияның "Ислам мемлекетіне" (бұл ұйымға Қазақстанда тыйым салынған - ред.) қарсы коалицияға қатысқаны үшін жазасы болғанын айтты.

Еліміздің сыртқы істер министрлігі қаза тапқандар мен жарақаттанғандар арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ екенін мәлімдеді.

Ал бүгін, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Австрия үкіметі мен халқына көңіл айтты.

"Венадағы жантүршігерлік терактіні ешқандай ақтап алуға болмайды. Австрия үкіметі мен халқының қайғысына ортақпын. Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге, адамзатты жеккөрушілік идеологиясы мен әрекетіне қарсы тиімді біріктіру керек", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1882880-avstriada-s-kndik-aza-ttu-zarialandy/

pixel