RU

Польшада 16 жастағы Қазақстан азаматын атып кетті

қару
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Польшада бір күн бұрын қайғылы жағдай орын алды. Қазақстандық жасөспірім оқ жарақатынан көз жұмған деп хабарлайды KAZ. NUR.KZ порталы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2 қарашада Польшаның Ополе-Любельске қаласында 2004 жылы туған Қазақстан азаматы оқ жарақаты салдарынан қаза тапты. Тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген министрліктің хабарламасында.

Сонымен қатар қазіргі уақытта елшіліктің бозбаланың туыстарымен байланыс орнатып, оның денесін елге қайтару жұмыстарын жүргізіп жатқаны белгілі болды.

Қайғылы жағдай туралы толығырақ жергілікті БАҚ беттері хабарлады. Dziennik Wschodni басылымының мәліметінше, жасөспірім достарымен бірге алма баққа баққа барған. Осыдан кейін атылған қарудың дауысы естілген.

Қазақстандыққа қастандық жасаған адам әлі табылмаған.

Тергеу жұмыстарын Ополе-Любельске воеводствосының аудандық прокуратурасы жүргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882908-polsada-16-zastagy-kazakstan-azamatyn-atyp-ketti/